Кім қайда оқуға түспек?

Жоғары оқу орындары мектеп бітіруші түлектердің құжаттарын қабылдауды 20 шілдеде бастап кетті. Ал  «Жоғарғы оқу орындарының қайсысын таңдасам екен?» деген сұрақ қазіргі таңда әрбір түлектің көкейінде жүргені сөзсіз. ҚР Статистика агенттігінің санағы бойынша 1991 жылы Қазақстан бойынша бар болғаны 55 жоғарғы оқу орны болса, 20 жылдың ішінде оның саны 149 – ға өсті. Әрине ең көп жоғарғы оқу орындары Алматыда орналасақан, демек 55 – і.  Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл ғана болғанына қарамастан, осындай жоғары көрсеткіштерді көріп отырмыз. Бұл мемлекетіміздің жетістігі. Қуантатыны – оқу орындарының көптігі демографиялық жарылысты көрсетеді. Нақтырақ айтсақ, 1991 жылдары студенттер саны 287 367 болса, 2010 – 2011 жылғы санақ бойынша 620 442. Ал Алматыдағы 55 жоғарғы оқу орнында  186 499 студент оқиды. More

Advertisements

Ойыммен бөліссем…

Өмір өтіп жатыр… Жоқ, ұшып барады… Оған дәлел: кеше ғана соңғы емтиханды тапсырып, «ураааа, демалысқа шықтық» деп қуанып жүр едік, көзді ашып жұмғанша 2 ай да өте шықты…

Осылай зуылдап бара жатқан өмірімізде бізді қанша адам ренжітеді.  Бірі біліп ренжітсе, кей бірі байқамастан. Десе де реніш өзі бір қызық  сезім, ол – өткінші. Алайда, ренішімізді тезірек ұмытпасақ ол жүректі біртіндеп қаралайды.

More

Кәсіптік лицейлердің жағдайы қалай?

Мектеп бітіруші түлектер үшін көптен күткен сәт те келіп жетті. Енді олар белгілі бір мамандықтың тізгінін ұстауға тырысып бағады. Ә.Нұршайықов ағамыз айтпақшы: «Біздің елімізде барлық мамандық та көпке қуаныш әкеледі, халықтың игілігіне айналады. Істеген  ісің халық кәдесіне жараса – бақыт деген осы. Ендеше, мамандықтың жаманы жоқ… Өз бойыңдағы талантыңа, табиғи бейімділігіңе қарай ғалым, дәрігер, инженер, мұғалім, зоотехник, ақын, әртіс, жазушы мамандығының бірін таңдап аламын десең де ешкім сенің қолыңды қақпайды».

Болашық маман иелері кәсіптік лицей жайлы хабардар ма? Білім мен мамандық жайлы сөз қозғалғанда көбінесе университеттер мен колледждер туралы көп айтылады. Осылай кәсіптік лицейлер шетте қалып жатады. More

«Қазақтың дара тұлға қаламгері…»

ҚазҰУ журналистика факультетінің ұстазы Римма Жақсылықбаева өзінің «Публицистикалық шеберлік» атты кітабында: «Тарихи тұлғаны өз дәуірінің табиғаты мен адамы, тектілік қаны өсіреді, баптайды. Ал, журналист, жазушылар өзі өмір сүрген заманына да, келер ұрпақ санасына да пәрменді ықпал етеді, пәни баласына жарығы сонау түнек қиырдан талмай жетер бағдаршам болады. Сондай көрнекті публицист, журналистердің қатарынан орын алуға әбден лайық, қазақ журналистикасына әсіресе, спорт тақырыбына өзгеше қалам тартқан Сейдахмет Бердіқұловты атар едік» дейді. More

Математик жайлы…

Жазбаны бастамас бұрын сіздерді ескертейін… Бұл жазбаны оқыған адам: «Ойбууу, мына қыз бұл жігітке ғашық болып қалыпты ғой» немесе «ААА өз туысқаны болған соң мақтап жатыр» деп ойлауы мүмкін… Негізі ол олай емес… Ал енді жазбама көшейін …

Бүгін құрылтай аяқталды. Әрине әр адам әр түрлі әсер алып, өзінше ой түйіп, біреуі жүлде алып, біреуі жай ғана қонақ болып қайтты. Десе де бұл 3 күн барлығының есінде ұзаққа сақталатыны сөзсіз. Осы жолы мен аузыма құм құйғандай аң таң болып, жан жағыма жалтақтаумен болдым. More

Туған қызын жындыханаға өткізген ана…

Бүгін интернеттен қызық мәлімет оқыдым… 

Маша Распутинаның үлкен қызы Лида ауруханаларды паналап жүргеніне 10 жылдай болды. Лиданың әкесі мен шешесі ажырасқаннан кейін, қызда психикалық ауытқулар пайда болған. Сол кезде Лиданың жұлдызды анасы қызынан бас тартқан және үйінен шығарып жіберген. Ал әкесі, кезінде шешін жұлдыз жасаған адам  туған қызына көмекке келуге асықпайды. More

Есіміміз ұлтымызды ұлықтап тұрса…

Ежелден ата – бабаларымыз жаңа туған нәрестенің атына ерекше мән берген. VII – IX ғасырға дейін қазақ есімдерінде «бек, бай» деген тіркестер болған емес. Мысалы: Албан, Албаннан туған: Шабыл, Сары. Шабылдан Боты, Өтей. Ботыдан Молболды, Жолболды. Болмаса, Қаңлы. Қаңлыдан Бәйтерек.
Одан Сары қаңлы, Қара қаңлы. Ал Сары қаңлыдан: Омыртқа, Құмырсқа, Алымбет, Ақбарақ, Тоқай т.с.с. болып кете береді. More

Previous Older Entries