Түсте тойып бір ас іштім!

 

Біздің үйге кеше қонақтар келген еді. Сол кісілерді күтіп алып, одан кейін шығарып салып, артынан ыдыс – аяқты жуып болғанша, түнгі сағат үш шамасы болып   қалды. Ал таң ертең, әрине ұйықтап қалыппын. Үйім ҚазҰУ-дан алыс болғандықтан      қаражатымды ойладым да, екінші сабаққа барсам ба деген ой кетті. Кенет, ағайдың   тапсырмасы есіме түсіп кетті де: “таксимен барып қалудың жақсы амалы екен” деп  қуанып кеттім (“блогтық журналистика” пәнінен тапсырма берілген болатын). Мен де басқалар сияқты таң ертең адамға толы автобуста жүргеннен  жек көретінім жоқ.

Көшенің бойына шығып, қолымды тостым. Бірінші машина, екінші машина, ешкім алмайды… Қабағыма қар жауып, мазасызданып тұр едім, “Лэнд Крузер” маркалы автокөлік келіп тоқтады. Мен алдымен маған емес шығар деп ойласам, маған екен!

- “ҚазҰУ, 600″ – дедім.

- “Отырыңыз” – деген жауап қайтарды. Рөлде отырған кісі 55 пен 60 шамасында ғой деймін. Мен әңгімені неден бастарымды білмей, біраз кідірдім. Онан соң не болса о болсын дедім де:

- “Аға, осындай машинамен жүріп, адамдарды да ала жүреді екенсіз ғой, ия!?” дедім, майысып.

- “Қызым – ау, мен саған ақыл айтайын, байлық тиыннан жиналады. Сен көшенің бойында тұрған нәсіпсің, мен сені тастап кетсем, Құдайдың берген нәсібінен айырылам, ал бір шетінен маған да сол көшеге бару керек” деп байсалды үнмен жауап қайтарды. Шынымды айтсам, аздап орынсыз сұрақ қойғаныма ұялып қалдым, бірақ, “Жансая, ұялма, сен мұны арнайы тапсырыс бойынша істедің” деп өзімді өзім жуатып отырғаным сол еді, бағыма орай ағам әңгімені өзі жалғастырып кетті.

- “Қызым сен қай жақтан боласың?”

- “Алматыдан!”

- “ААА, мен Шымкенттен ба деп ойласам…” деп дауысын біраз созды.

- “Неге олай ойлайсыз?” деп жандана түстім.

- “Қазақша сөйлегенің үшін. Алматының жастары қазақша сөйлемейді ме деп ойлайтынмын. Соған айтып тұрмын” деп жауап қайтарды.

Мен одан бетер жанданып:- “Аға, мен мұндай пікірді әрқашан естіп жүремін. Бірақ сіздер қателесесіздер. Біз Алматылықтар керісінше, қазақша сөйлеуге тырысамыз. Себебі, біз орысша мақтанғаннан сөйлемейміз, ол әдет. Өз басым осы әдеттен құтылуды мақсат етіп жүрмін. Басқалар да жетіскендерінен орысша сөйлемейді ғой”.

- “Иә, қызым, Құдайға шүкір қазір қазақ жастары демократияшыл, тілдерін құрметтеп, елін сүйіп, өз намыстарын қорғауға ат салысып жүр. Бұл жақсы!” деп суық жүзді аға күлімдеді.

Мен де сөз тауып айтқаныма мәз болып, риза болып, еңсеп көтеріліп қалды. Осылай аға екеуміз әңгіме айтып келе жатқанда уақыт та зу етіп, жол да қысқарып ҚазҰУ-ға келіп жеттік. Келіскен ақшаны қойып жатыр едім, ағам мені бір сөзімен тоқтатты:

- “Жо, жоқ қызым, қоя бер, түскі ас алып іш. Қазақтың қызынан аяймын ба? Бір бірімізге қамқор болмасақ, кім бізге қамқор болады? Сен әлі баласың ғой! Бір қуанып қал! Ал енді сау бол!” деп үн қатқанда, мен де елжіреп машинадан түстім.

-”Рахмет, аға!” дедім де, есікті жаптым.

Иә, стереотип қалыптасқан екен, бірақ біз бұдан арылуымыз керек. Алматының жастары қазақша сөйлейік! Біз туралы үлкен кісілер басқаша ойда екен. Мәселе, 600 теңгеде емес, мәселе үлкен кісілердің бізге үміт артып отырғандарында. Мәселе, біздің бір брімізге қамқор бола білуімізде…

P.S. Ал, түсте, тойып бір ас іштім ғой!)))

 

15 пікір (+add yours?)

  1. ulytau.ulany
    Oct 05, 2010 @ 21:30:01

    Обьект кездейсоқ болса да сәтті таңдалған. Қазіргі қымбат көлік мінген адамдарға қалыптасқан стереотипімізді сәл де болсын өзгертуге осы мысалың септігі тиеді деген ойдамын.
    Осы беттен қайтпай, өңдіріп сазды ойларды жарыққа шығара бер! Сәттілік!

    Жауап беру

  2. Marzhan
    Oct 05, 2010 @ 22:48:42

    Salem!!! Blogyn kutty bolsyn!!!

    Жауап беру

  3. Гульвира
    Oct 07, 2010 @ 09:54:08

    Өте жақсы, мен жұмыстан шаршағанда сенің блогыңа кіріп бір дем алып қалатын болдым! Көбірек жаз шыңдаласын!

    Жауап беру

    • zhanninsayasi
      Oct 07, 2010 @ 23:52:56

      Рахмет! Барлығы сіздер үшін ғой! Блогымды адамның жанына шипа болу үшін арнадым! Сіз мені қуантып қойдыңыз! Тағы да РАХМЕТ!!! Жиі кіріп тұрыңыз!

      Жауап беру

  4. Күлегеш
    Oct 09, 2010 @ 14:53:13

    “Жылы-жылы сөйлесең жылан екеш жылан да інінен шығады” демекші, жоғарыдағы әңгімеге арқау болған кейіпкерді елжіреткенсің ғой. Дәл осындай жағдай менде екі рет болған.

    Жауап беру

  5. Trackback: ҚАЗЖУР: студенттердің блогтары. АРБ! « Өрімтал
  6. banu-omarova
    Apr 04, 2011 @ 03:03:41

    Шымкент жастары әңгімені шешеден бастайды ғой!Күніне 5-6рет жағымсыз диалогтарға куә болам,шыдамай талай араласқанмын. Ал екі қазақтың орысша тілдерін сындырып,қате-қате сөйлегендерін естігенде…..енді сөз жоқ !!!!! кейін блогыма куә болған диалогтарды жазам уақыт бөліп. тағы да қызып кеттім-ау! Тіл туралы көбірек жаз,маған ұнады.

    Жауап беру

  7. Байназаров Талғат
    Apr 11, 2011 @ 01:52:21

    Бәріне де қосыламын.
    Жазбаң әдемі екен. Жиі-жиі жазып отыр.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.